«Барыстың» хоккей клубының екі ойынына қатысты өзгертулер енгізілді

«Барыстың» хоккей клубының екі ойынына қатысты өзгертулер енгізілді

ҚХЛ ТВ лигасы телеарналарда тікелей эфирді ұйымдастыру үшін келесі матчтардың басталу уақытын ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады. 

«Барыс» – «Трактор» (2025 жылдың 7 қыркүйегі) Астана уақыты бойынша 17:00-ден 16:30-ға;

«Барыс» – «Амур» (2025 жылдың 9 қыркүйегі) Астана уақыты бойынша 19:30-дан 19:00-ге ауыстырды.

«Барыстың» жаңа ойыншысы кедергілерге қарамастан Астанаға келді

«Барыс» бірнеше хоккейшімен сынамалық келісімшарт жасасты

ҚХЛ-дың ең қымбат ойыншысы клубсыз қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или