Қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы жарыста топ жарды

Қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы жарыста топ жарды

Германияның Кирххайм-унтер-Текк  қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe Baublies Jugend Cup жарысы мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Беделді додаға Германия, Қазақстан, Словакия, Словения, Швейцария, Гонконг, Чехия, АҚШ, Италия, Румыния, Қырғызстан, Аустрия, Франция, барлығы 13 елден 32 жас теннисші қатысып, бақ сынады.

Қазақстандық спортшылар жекелей және жұптық сында үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. 

Жекелей сында қазақстандықтар Айым Қанағатова мен Әдемі Әлсейпулова соңғы бәсекеде чемпиондық атақты өзара сарапқа салды. Тартысты бәсекеде Айым 7:6, 6:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Жұптық сында Қанағатова – Әлсейпулова қарсылас шақ келтірмей, финалда жарыстың 1-ракеткалары, чехиялықтар Софья Иракова – Аделя Свободаны камбэкпен жеңді – 5:7, 6:2, 10:6.

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына жолдама алды

Қазақстандық үш теннисші Франциядағы турнирдің іріктеу финалына жолдама алды

Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің 1/16 финалындағы қарсыласын білді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или