Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирде қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 206-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Канкун (Мексика) челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Іріктеу сайысының 2-ракеткасы болып тіркелген Б.Жұқаев бастапқы кездесуін бразилиялық Рафаэл Матоспен өткізді.
Бейбіт бұл матчта фаворит екенін дәлелдеп, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Небәрі 52 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Енді отандасымыз іріктеу жарысының финалында рейтингіде 360-орындағы испаниялық Пабло Льямас Руиспен ойнайды. Оны жолдан тайдырса, негізгі додаға жолдама алады.
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына жолдама алды
Қазақстандық үш теннисші Франциядағы турнирдің іріктеу финалына жолдама алды
Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің 1/16 финалындағы қарсыласын білді