Қазақстандық теннисші Цинциннати турнирінің төртінші айналымына жолдама алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін өзара алты рет кездесіп, соның бесеуінде қазақстандық спортшы басым түскен еді.
Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина қателікке жиі бой алдырды – 4:6.
Есесіне екінші сетте 3:0 есебімен алға шықты. Ақыры сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3.
Үшінші, шешуші партияда есеп 5:5 болған мезетте Елена брейк жасай алды – 6:5. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:5.
Екі сағат 12 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 11 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Мертенс 11 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен таласады.
Өткен жылы Е.Рыбакина Цинциннатиде екінші айналымнан аса алмаған еді.
Тағы бір қазақстандық, 40 жастағы Галина Воскобоева жапониялық Мию Катомен бірге жұптық сында алғашқы айналымда ресейлік Александра Панова – қытайлық Ханьюй Гоға есе жіберді – 7:5, 0:6, 5:10.
Қазақстандық үш теннисші Франциядағы турнирдің іріктеу финалына жолдама алды
Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің 1/16 финалындағы қарсыласын білді