«Реал Мадрид» бас бапкері Алабаның клубтағы болашағы туралы шешім қабылдады

«Реал Мадрид» бас бапкері Алабаның клубтағы болашағы туралы шешім қабылдады

«Реал Мадрид» қорғаушысы Давид Алаба жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның қол астында өзін көрсетуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы екі маусым австриялық футболшы үшін жарақаттардың жиі қайталануына байланысты сәтсіз өтті. БАҚ-та оны құрамнан шығарады деген әңгімелер айтыла бастағанымен, бас бапкер оның қызметіне сенім артатыны хабарлануда.

Marca мәліметінше, Алонсо Алабаның доппен ойнаудағы шеберлігін жақсы біледі және оның қабілеттері командаға үлкен көмек боларына сенеді. Испан маманы 33 жастағы футболшыны әртүрлі рөлде көреді: мысалы, жуырдағы «Леганеспен» өткен жолдастық кездесуде негізгі орталық қорғаушы тірек жартылай қорғаушы позициясында ойнады.

Давид Алабаның «Реалмен» келісімшарты келесі жылдың ортасында аяқталады. 2024/25 маусымында ол бар болғаны 14 матчқа қатысты.

«Манчестер Сити» «Реал Мадрид» шабуылшысын сатып алмақ

Неміс қорғаушысы 36 жасында футболмен қоштасты

«Ақтөбе» ФК бас бапкері қызметінен босатылады

Жапония құрамасының үздік сұрмергені қайтыс болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или