Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бас бапкері «Слованға» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бас бапкері «Слованға» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы словакиялық «Слованға» қарсы қарымта матч алдындағы баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз арнайы бірнеше күн бұрын келдік, ұзақ жолдан кейін аздап қалпына келу үшін. Мұнда бізге оңай болмайтынын түсінеміз, бірақ жалпы алғанда толық дайынбыз және өзімізді қанағаттандыратын барынша жоғары нәтиже көрсетуге ниеттіміз.

Біз қарсыласты мұқият зерттедік және Алматыда өткен алғашқы матчтағыдай ойын өрнегін күткенбіз. «Слован» өз жанкүйерлерінің алдында, осындай тамаша стадионда өте мықты ойнайды. Сондықтан олар бізге қарсы сырт алаңда оң нәтиже алуға, ал үйде мықтырақ ойнауға тырысатынын болжадық.

Әрине, бізде мұндай ұзақ ұшулар жиі болмайды. Бұл жолы жеті сағат ұштық. Ел ішінде қашықтықтар бар, бірақ көбіне екі-үш сағатқа үйренгенбіз. Еуропадағы кез келген сапар біз үшін ұзақ жол, сондықтан біз әрдайым ертерек келуге тырысамыз, ұзақ жолдан кейін қалпына келіп, демалу үшін. Мұндағы жағдайға келсек, айырмашылық сезілмейді. Климат өте жағымды, еш қиындық жоқ.

Владимир — өте беделді тұлға, біз оны және бізде жұмыс істеген кезде қалдырған әсерін жоғары бағалаймыз. «Слован» ойыншылары да бәрін жақсы түсінеді және бізді жеңу үшін барын салатыны анық. Бұл қаншалықты әсер ететінін білмеймін. Бастысы — өзіміз туралы, өз ойынымыз туралы ойлау.

«Слован» өткен жылы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады. Біз үшін бұл — арман. Біз өз арманымызды орындауға, оны өзіміз, жанкүйерлеріміз және еліміз үшін жүзеге асыруға ұмтыламыз. Барлығы бізден осы мерекені күтеді. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, бірақ мұнда бізге оңай болмайтынын жақсы түсінеміз. «Слован» да былтырғыдай топтық кезеңге қайта барғысы келеді», - деді алматылық команданың бас бапкері.

Еске салайық, 6 тамызда Алматыда өткен бірінші матчта «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта ойын 12 тамызда Братиславада (Словакия) өтеді.

Осы жылдың күзінде Қазақстан футболында кең ауқымды өзгерістер орын алуы мүмкін

«Ақтөбе» бас бапкері қызметінен босатылды

Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» маусымды сәтсіз бастады

Қазақстан құрамасының экс-бапкері Ресей чемпионатына жеңіспен оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или