Матвей Умеренков «Ладья» қақпасына хет-трик жасады. Видео

Қарағандылық шабуылшы Матвей Умеренков хоккей жанкүйерлерін қуантуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Головой об Лёд телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Тольяттидің «Ладья» клубында өнер көрсететін шабуылшы Уфа «Толпарымен» өткен ойында қарсылас қақпасына үш рет шайба соқты.
Кездесу Умеренковтің командасы пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Форвард матч нәтижесіне қатысты пікір білдірді:
«Хет-трик – бұл әрдайым жақсы! Тек жағымды эмоциядамын. Ресми ойын ба, әлде жолдастық кездесу ме – маңызды емес, ең бастысы, істеп жүрген ісіңнен ләззат алу және ары қарай жұмыс істей беру керек! «Толпар» – мықты қарсылас, ойын ұнады, ол өте қарқынды, жылдам өтті», – деді Матвей Умеренков.
ҚХЛ-дың ең қымбат ойыншысы клубсыз қалды
«Барыс» сапына тәжірбиелі шабуылшы қосылды
Астаналық «Барыс» ҰХЛ-да өнер көрсететін қақпашымен келісімшарт жасауға жақын