Родриго АПЛ клубына ауысуы мүмкін

Родриго АПЛ клубына ауысуы мүмкін

«Манчестер Сити» Джек Грилиш, Джеймс Макати және Савьоның клубтан кету ықтималдығынан кейін «Реал Мадрид» шабуылшысы Родриго Гоэсті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фабрицио Романоның мәліметінше, «қалалықтардың» бас бапкері Хосеп Гвардиола бразилиялық футболшының көптен бері жанкүйері болып келеді. Егер ойыншының өзі кеткісі келсе, «Реал» оның трансферіне кедергі жасамайды. Алайда мадридтік клуб Родриго үшін шамамен 100 миллион еуро сұрамақ.

Өткен маусымда 24 жастағы бразилиялық барлық турнирде 54 матчқа қатысып, 14 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазыға дейін есептелген.

Transfermarkt порталы футболшыны 90 миллион еуроға бағалап отыр.

Неміс қорғаушысы 36 жасында футболмен қоштасты

«Ақтөбе» ФК бас бапкері қызметінен босатылады

Жапония құрамасының үздік сұрмергені қайтыс болды

«Қайрат» «Слованға» қарсы қарымта матч өткізу үшін Братиславаға жетті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или