Джошуа Ливо «Салават Юлаев» сапынан кетті

Джошуа Ливо «Салават Юлаев» сапынан кетті

Форвард Джошуа Ливо енді «Салават Юлаев» сапында өнер көрсетпейді — хоккейшімен келісімшарт екі тараптың келісімі бойынша бұзылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келісімшарт регламентпен белгіленген уақытта командаға келмегеніне байланысты бұзылды», — деп көрсетілген ресми себепте.

Өткен тұрақты маусымда канадалық хоккейші ҚХЛ рекордын орнатып, 62 матчта 49 шайба соқты және бір чемпионат аясында лига тарихындағы ең үздік снайпер атанды. Алайда плей-офф кезеңінде оның нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп, 14 ойында небәрі екі гол ғана соқты.

Айта кетейік, Ливо алдағы маусымдағы ҚХЛ-дың ең қымбат хоккейшісі саналады. Шабуылшы бір жылда 110 миллион рубль табуы тиіс еді.

«Барыс» сапына тәжірбиелі шабуылшы қосылды

Астаналық «Барыс» ҰХЛ-да өнер көрсететін қақпашымен келісімшарт жасауға жақын

АҚШ шабуылшысы мансабын ҚХЛ-де жалғастыруы мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или