Роман Старченко «Барыста» тағы бір маусым өткізеді

«Барыс» Роман Старченкомен біржақты келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Келісім бір маусымға есептелген және 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады. 38 жастағы шабуылшы үшін бұл астаналық клубтағы 17- маусым болмақ.
Старченко — ҚХЛ тарихында бір команда сапында ең көп матч өткізген хоккейші (810) және Лигада 800-ден астам ойынға қатысқан оныншы ойыншы. Өткен тұрақты маусымда капитан 27 кездесуде 12 ұпай (4 гол + 8 пас) жинады. Сондай-ақ ол «Барыс» тарихында соғылған шайбалар саны бойынша (211) екінші орында тұр.
«Барыс» сапына тәжірбиелі шабуылшы қосылды
Астаналық «Барыс» ҰХЛ-да өнер көрсететін қақпашымен келісімшарт жасауға жақын
АҚШ шабуылшысы мансабын ҚХЛ-де жалғастыруы мүмкін
«Барыстың» жаңа бапкері Талғат Жайлауовты ұлттық құрамаға не үшін шақырғанын айтты