Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-тағы турнирде күміс жүлдеге ие болды

АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан «Cranberry Cup International 2025» челленджер сериясында қазақстандық Софья Самоделкина еркін жаттығуда күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Софья жаңа маусымға деген тыңғылықты дайындығын көрсетті. Ол қысқа және еркін жаттығуда да рекордын одан әрі жақсартты.
Қорытынды нәтиже:
1. Изабо Левито (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) — 207,61 ұпай (70,69+136,92)
2. Софья Самоделкина — 203,15 ұпай (65,80+137,35)
3. Жиа Шин — 179,97 ұпай (62,12+117,85)
Халықаралық бәсеке 7-10 тамыз аралығында өтті. Оған 20 елден 99 спортшы қатысты. Аталған сайыс 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Софьяның медалі Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлде ретінде тіркелді.
Софья Самоделкина 2007 жылы дүниеге келген. 2024 жылдың бері Қазақстан азаматтығын қабылдап, ел намысын қорғап келеді. 2025 жылы Қысқы универсиадада қола жүлдегер атанды.
Астанада АПК Конференциясы мен Бас ассамблеясы салтанатты түрде ашылды