Токио Олимпиадасының қола жүлдегері кәсіпқой бокстағы жоспарларын айтты

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, боксшы Сәкен Бибосынов алдағы мақсат, жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бибосынов болашақта кәсіпқой бокста Әлем чемпионы болуды көздеп отыр. Бұл туралы боксшы Pulse Fighting арнасына берген сұхбатында айтты.
«Маған ақша маңызды емес. Осы жайлы маған ағам да айтады. «Сен ақшаны ойлама, тек тарих жаса» дегенді қайталап отырады. Олимпиаданың алтынын алғым келген, бірақ бұйырғаны қола болды. Екінші Олимпиадамда басты қарсыласым Дусматовтан ұтылдым. Сондай-ақ әуесқой бокста әлем чемпионы болдым. Өз тарихымды жазып келе жатырмын. Енді кәсіпқойда да тарих жасағым келеді. Маған ақша маңызды емес. Кәсіпқой бокста әлем чемпионы болсам, ақша өзі келеді», - дейді Сәкен Бибосынов.
Еске салсақ, Сәкен Бибосынов жуырда Бішкекте кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз дебютін сәтті бастап, кәсіпқой бокстағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.
Сондай-ақ ол әуесқой бокста 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2021 жылғы Әлем чемпионы, 2022 жылы Азия чемпионатының күміс жүлде иегері.
Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?
Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды