Назым Қызайбай төрт дүркін әлем чемпионы атануды жоспар отыр

Назым Қызайбай төрт дүркін әлем чемпионы атануды жоспар отыр

Қазақстанның әйелдер құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпион Назым Қызайбай Англияда өтетін әлемдік дода алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әлеуметтік желіде төрт дүркін әлем чемпионы атануды жоспарлап отырғанын айтты:

«21 күн бойы тер төгіп, жанымызды салдық. Жалпы физикалық дайындықтың кезеңі аяқталды. Жақсы жаттығулар өтті. Алда техникалық және тактикалық жұмыстар басталады. Әлем чемпионатына дейін небәрі 25 күн, дайындықты үйде жалғастырамыз. Чемпион болу қиын, чемпиондықты сақтап қалу одан да қиын демекші, әлемнің 4 дүркін чемпионы болу үшін еңбектеніп жатырмын, бұйырса бәрі оңды болып, бағымыз бен бабымыз бірге шауып, жақсы нәтижеге жетсек екен. Сіздер де әр күн дұғада болыңыздар, құрметті оқырмандарым», – деп жазды Назым Қызайбай.

Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы алғашқы ресми әлем чемпионаты 2025 жылғы 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы M&S Bank Arena кешенінде өтеді. Бұл жарысты жаңадан құрылған World Boxing халықаралық федерациясы ұйымдастырып отыр.

Қазақстан U22 құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды

Бақыт Сәрсекбаев шәкірттері 3 алтын, 2 күміс еншіледі

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азия чемпионы атанды

Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или