Осы жылдың күзінде қазақстан футбол клубтарында басшылықтар ауысуы мүмкін

Осы жылдың күз мезгілінде Қазақстан клубтарында кең ауқымды өзгерістер орын алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тотальный футбол» телеграм арнасының ақпаратына сенсек, қыркүйек айында Қазақстанда әкімдердің кең көлемді ротациясы күтілуде.
Аталған болжамдар орындалса, билік орындарындағы кадрлық өзгерістер футбол клубтарының басшылығына да әсер етері анық.
Қазақстандағы көптеген командалар қаржылай және стратегиялық дамуы жағынан өңірлік және қалалық әкімдіктердің қолдауына тәуелді. Сондықтан әкімдердің ауысуы спорт менеджментіндегі өзгерістерге әкелуі ықтимал.
Егер ротация жүзеге асса, қазіргі клуб басшылары өз қызметтерінен кетуі мүмкін немесе жаңа билік органдарының талаптарына сәйкес жұмыс тәсілін өзгертуге мәжбүр болады.
«Ақтөбе» бас бапкері қызметінен босатылды
Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» маусымды сәтсіз бастады
Қазақстан құрамасының экс-бапкері Ресей чемпионатына жеңіспен оралды