Франциялық вингер Роналдудың клубына ауысатын болды

Франциялық вингер Кингсли Коман саудиялық «Әл-Наср» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, франциялық футболшы жақын арада саудиялық командаға қосылады.
29 жастағы вингер саудиялық клубтың ұсынысын қабыл алған. Келісімшарт үш жылға жарамды болады деп күтілуде.
«Бавария» осы сатылымнан 30 млн еуро пайда көреді. Ал Команның жалақысы 20-25 млн еуро болады.
Айта кетейік, саудиялықтар бұған дейін Иньиго Мартинес пен Жоау Феликсті қатарына қосқан еді.
УЕФА «Барселонаның» екі жұлдызына айыппұл салды
Роналду «Алтын допты» жасанды марапат деп атады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или