Қазақстан U22 құрамасы Азия чемпионатында екінші орынға тұрақтады

Қазақстан U22 құрамасы Азия чемпионатында екінші орынға тұрақтады

World Boxing ұйымының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған Азия чемпионатының 22 жасқа дейінгілер арасында финалдық бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен жатқан сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы 5 алтын, 4 күміс медальмен жалпы командалық есепте екінші орын алды.

Көршілес Өзбекстан құрамасы 8 алтын, 6 күміс, 4 қоламен көш бастаса, Қытай құрамасы 3 алтын, 4 қоламен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан U19 құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 6 қола медальмен жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғасқан еді.

Бақыт Сәрсекбаев шәкірттері 3 алтын, 2 күміс еншіледі

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азия чемпионы атанды

Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или