Астана қаласында АПК Конференциясы мен Бас ассамблеясының ашылу салтанаты өтті

Азия Паралимпиада комитетінің (АПК) Конференциясы мен 8-ші Бас Ассамблеясы бүгін Астана қаласындағы Hilton Astana қонақ үйінде салтанатты ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
2025 жылғы 11–14 тамыз аралығында өтетін іс-шараны Азия Паралимпиада Комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті, мемлекеттік органдардың және халықаралық спорттық ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырды.
Конференция мен Бас Ассамблеяға 45 елден 190-нан астам делегат қатысуда. Олардың қатарында Азия Паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашед, ұлттық паралимпиадалық комитеттердің басшылары, халықаралық федерациялардың өкілдері, сарапшылар және құрметті қонақтар бар. Сонымен қатар, Халықаралық Паралимпиада комитетінің (IPC) президенті Эндрю Парсонс, Қазақстан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйледі.
Мырзабосынов Қазақстан тарапы Халықаралық Паралимпиада комитеті және Азия Паралимпиада комитетінің миссиясын жоғары бағалайтынын жеткізді.
- Құрметті достар және қонақтар! Сіздерді қонақжәй Қазақстан жерінде көргеніме қуаныштымын. Паралимпиада қозғалысындағы негізгі ұйым басшыларын қабылдау біз үшін ұлкен мәртебе. Біз Халықаралық Паралимпиада комитеті және Азия Паралимпиада комитетінің миссиясын жоғары бағалаймыз. Ұлттық комитеттер мен федерацияларды қолдау, Азия паралимпиада ойындарды, әлем және азия чемпионаттары, сонымен қатар халқаралық турнирлерді тең мұмкіндіктер қағидатына негіздей отырып ұйымдастыру өте маңызды. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың паралимпиадалық спортты дамыту жолындағы жан-жақты қолдауының нәтижесінде, халқаралық деңгейдегі бүгінгі ауқымды іс-шараны өткізіп отырмыз,-деді ол.
Министр еліміздегі паралимпиада спортының дамуы жағыдайын айта келе, халқаралық ынтымақтастықты тереңдетуге мұдделі екенін айтты.
АПК президенті Маджид Рашед конференцияның маңыздылығы туралы тоқталды.
- Азия пара спортының әлемдік деңгейде дамуына айтарлықтай үлес қосты және біз осы үдерістің бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз. Инклюзия – бір реттік жетістік емес, бұл тұрақты түрде жұмыс істеуді талап ететін міндет. Сондықтан бұл Конференция өте маңызды. Бұл – бізге алдағы қадамдарымызды ашық талқылауға берілген мүмкіндік,- деді ол.
ҚР ҰПК президенті Қайрат Боранбаевтың айтуынша, Астанада өтіп жатқан Азия Паралимпиада Комитетінің Конференциясы мен Бас Ассамблеясы – Азиядағы паралимпиадалық спорттың стратегиялық дамуын талқылау үшін 45 елдің өкілдерін біріктірген маңызды оқиға.
Айта кетерлігі, Азиядағы пара спорт саласындағы маңызды шара Орталық Азия, оның ішінде Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Конференция мен Бас Ассамблеяны өткізу – Қазақстанның пара спортты дамытуға қосқан үлесін халықаралық қоғамдастықтың мойындауы және оның жанындағы спорт аренасында сенімді әріптес ретіндегі мәртебесін растау болып табылады
Софья Самоделкина АҚШ-та өткен турнирдің күміс жүлдегері атанды