Қазақстан ерлер құрамасы U22 санатындағы Азия чемпионатында 3 алтын, 2 күміс еншіледі

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соңғы болып жарыс жолына шыққан 22 жасқа дейінгі санаттағы қазақстандық өрендер бес медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, екеуі күміс.
Алтын жүлдені Нұрислам Қалдыбаев (60 келі), Санжарәлі Бегалиев (80 келі) және Темірлан Мұқатаев (90 келі) жеңіп алды.
65 келіде сынға түскен Илья Калинин мен 70 келідегі Нұрбек Мұрсал күміс жүлдені қанағат тұтты.
Осылайша, Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын жастарымыз Азия чемпионатын үш алтын, екі күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, абс боксшымыз да ақтық сында өзбекстандық боксшылармен кездесті.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы жас санаттағы қыздарымыз екі алтын, екі күміс медаль еншіледі.
Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азия чемпионы атанды
Бақыт Сейдіш Азия чемпионы атанды
Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды