Қазақстандық балуандар Германияда өткен халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді

Қазақстандық балуандар Германияда өткен халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді

8-10 тамыз аралығында Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы аталмыш турнирде 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпы есепте бірінші орынға тұрақтады:

Демеу Жадраев (77 келіге дейін) 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турнирінде алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз чемпион атанды.

Күміс жүлде иегерлері: Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін).

Ал Айбек Сабырбеков (60 келіге дейін), Асаухат Мухамадиев (63 келіге дейін), Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Қазақстандық әлем чемпионы Wrestling Stars League жарысында жеңіске жетті

Демеу Жадыраев Германия Гран-приінде үздік шықты

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Польшадағы турнирде қазақстандық балуандар тағы екі медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или