Қытай құрамасындағы қазақ қызы Дина Санатбек Азия чемпионатында топ жарды

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Дина Санатбек Азия чемпионатында топ жарды

Боксшы Дина Санатбек Бангкокта өткен U22 Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бангкокта (Таиланд) өткен бокстан U22 Азия чемпионатында Қытай құрамасының сапында өнер көрсететін 65 келі салмақтағы қазақ қызы Дина Санатбек Азия чемпионы атанды.

Ол турнирдің іріктеу кезеңдерінде қазақстандық және өзбекстандық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Шешуші жекпе-жекте ол тайпейлік боксшымен күш сынасты.

Финалда да қарсыласына мүмкіндік бермеген Дина алтын медальды қанжығасына байлады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан 22 жасқа дейінгілер арасында Бақыт Сейдіш тарихи жеңіске жетті. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Ойша Тоировадан басым түсті.


Бақыт Сейдіш Азия чемпионы атанды

Азия чемпионаты: Финал жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы

Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или