Азия чемпионаты: Финал жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы

Дүйсенбі, 11 тамызда 22 жасқа дейінгі қазақстандық боксшылар Бангкок қаласында (Таиланд) бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тікелей эфир Қазақстан уақыты бойынша сағат 09:00-де басталады.
1-ші жұп. Әйелдер. 48 кг. Гүлназ Бөрібаева - Робияхон Бахтиёрова (Өзбекстан)
6-шы жұп. Әйелдер. 70 кг. Бақыт Сейдіш - Ойша Тоирова (Өзбекстан)
7-ші жұп. Әйелдер. 75 кг. Шұғыла Нәлібай - Зий Бао (Қытай)
8-ші жұп. Әйелдер. 80+ кг. Әсел Тоқтасын - Ритика (Үндістан)
11-ші жұп. Ерлер. 60 кг. Нұрислам Қалдыбаев - Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)
12-ші жұп. Ерлер. 65 кг. Илья Калинин - Саят Ильясов (Өзбекстан)
13-ші жұп. Ерлер. 70 кг. Нұрбек Мурсал - Мухаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)
15-ші жұп. Ерлер. 80 кг. Санжарәлі Бегалиев - Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)
17-ші жұп. Ерлер. 90 кг. Темірлан Мұқатаев - Шахзод Полвонов (Өзбекстан).
Еске салайық, Бангкоктағы U-19 және U-22 Азия чемпионаты World Boxing ұйымдастырған тұңғыш құрлықтық жастар турнирі болды.
Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды