Қазақстандық спортшы АҚШ-та өткен турнирде күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстандық спортшы АҚШ-та өткен турнирде күміс жүлде жеңіп алды

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина жаңа маусымдағы алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казахстандық спортшы АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен жарыста сәтті өнер көрсетті.

Самоделкина күміс медаль жеңіп алды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Софья 203,15 ұпай жинады.

Ол тек америкалық Изабо Левитоға (207,61) ғана жол берді. Үшінші орынға Оңтүстік Кореядан барған Джиа Шин (179,97) ие болды.

Джиу-джитсудан Дүниежүзілік ойындарда тағы медаль түсті

XII Дүниежүзілік ойындарда қазақстандық джитсер топ жарды

Жағажай самбосынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 медаль алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или