Вячеслав Левчук «Ақтөбе» бас бапкері қызметінен кетті

Вячеслав Левчук «Ақтөбе» бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ақтөбе» ФК бас бапкері Вячеслав Дмитриевич Левчук өз қызметінен босатылды.
Бұл шешім команданың соңғы кездегі нәтижелері мен ішкі жағдайларын ескере отырып қабылданды. Абай облысының «Елімай» ФК қарсы ойында Левчук шәкірттері 2:1 есебімен жеңілген еді. Осы орайда, клуб басшылығы осындай шешімге келді. Клуб ұжымы Вячеслав Левчуктің командаға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіреді және оның болашақтағы жұмыстарына сәттілік тілейді», - делінген клуб хабарламасында.
Қазақстан құрамасының экс-бапкері Ресей чемпионатына жеңіспен оралды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или