UEFA Чемпиондар лигасындағы «Слован» - «Қайрат» матчына төрешілер тағайындалды

UEFA Чемпиондар лигасындағы «Слован» - «Қайрат» матчына төрешілер тағайындалды

UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі қазақстандық «Қайраттың» сырт алаңдағы Словакияның «Слован» командасымен кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл матчта Франциядан келген Бенуа Бастьенге бас төреші міндеті жүктелген. Оған отандастары Хишам Закрани мен Орельен Бертомье көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Томас Леонард.

Кездесу 12 тамыздан 13-не қараған түні қазақстандық уақытпен сағат 23:05-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз голды 90-минутта алматылық клубтан Дастан Сәтпаев пенальтиден соқты.

Егер «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінен іркілмей өткен жағдайда плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтик» командасымен ойнайды.

Ал Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түскен жағдайда швейцариялық «Янг Бойз» клубымен шеберлік байқасуы мүмкін.

Алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырып кетті.

Ал словакиялық клуб екінші іріктеу кезеңінде Босния және Герцоговинаның «Зриньски» командасын (4:0, 2:2) жеңді.

«Қайрат» «Слованға» қарсы қарымта матч өткізу үшін Братиславаға жетті

Қазақстан құрамасының экс-бапкері Ресей чемпионатына жеңіспен оралды

Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» маусымды сәтсіз бастады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или