Вячеслав Левчук «Ақтөбе» ФК бас бапкері қызметінен кетеді

«Ақтөбе» ФК бас бапкері Вячеслав Левчук «Елімайға» қарсы матчтан кейін қызметінен босатылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қолымызда бар ақпаратқа сүйенсек, «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Григорий Левчук «Елімайға» қарсы матчтан кейін қызметінен босатылады», - деп хабарлады «Серый CARDINAL» телеграм арнасы.
Вячеслав Левчук мамыр айында «Ақтөбе» бас бапкері атанған. 54 жастағы Беларусь маманының жетекшілігімен команда 15 матч өткізіп, бес жеңіске жетті, екі рет тең түсті және сегіз мәрте жеңіліп қалды. Қазір «Ақтөбе» ҚПЛ турнир кестесінде 4-орында тұр.
Қазақстан құрамасының экс-бапкері Ресей чемпионатына жеңіспен оралды
Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» маусымды сәтсіз бастады
Испаниялық клуб Роналдудың командаласына көз тікті
УЕФА «Барселонаның» екі жұлдызына айыппұл салды