Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Бонн (Германия) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы соңғы бәсекеде әлемнің 185-ракеткасы, аустриялық Юрий Родионовпен чемпиондық атаққа таласты.

Скатов матчты сәтті бастады — 6:3. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмады — 2:6, 4:6.

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Родионов 15 эйс, 6 брейкпен (14 брейк'-пойнт) көзге түсті.

Аталмыш жарыста финалға дейін жеткен Тимофей Скатов ATP Live рейтингісінде 259-орынға көтеріліп тұр.

Анна Данилина Цинциннати турнирімен қоштасты

Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады

WTA Елена Рыбакина жаттықтырушысының шектеуін алып тастады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или