Рыбакина Цинциннатидегі турнирде бапкерімен қайта бірге жұмыс істеуді бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Мастерс» турнирінің Цинциннатиде өткен жеңісті матчын қорытындылап, жанкүйерлерін алаңдатқан мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол мексикалық Рената Сарасуаны 4:6, 6:0, 7:5 есебімен ұтты.
«Матч өте қиын болды. Физикалық тұрғыда өзімді толық сергек сезінбедім — бірінші сетте күннің ыстығы қатты әсер етті, соның салдарынан жағдайым онша болмады. Бірақ ауа райы сәл өзгерген соң бейімделіп, ойынды жеңілдеттім. Келесі кезеңге өткеніме қуаныштымын. Рената жақсы ойнады, қолдау білдіргендердің бәріне рақмет», — деді Рыбакина.
Бұл ойын Еленаның жаттықтырушысы Стефано Вуковпен бірге өткізген алғашқы кездесуі болды. Бұған дейін WTA этика кодексін бұзды деген себеппен уақытша шеттетілген Вуковтың жазасы жақында алынған еді.
Анна Данилина Цинциннати турнирімен қоштасты