Альваро Каррера: Алмабаев аса жеңіл салмақта беделін арттырып келеді

Альваро Каррера: Алмабаев аса жеңіл салмақта беделін арттырып келеді

DAZN España журналисі, KO a la Carrera подкастының авторы әрі ММА мен кәсіпқой бокстың танымал инсайдері Альваро Каррера Legalbet.kz-ке берген сұхбатында қазақстандық UFC жауынгерінің прогресі жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Асу Алмабаев соңғы кездесуінде шынымен әсерлі көрінді. Бастан-аяқ сабырлы болып, қашықтықты жақсы бақылап, қарсыластың шабуылдарын толықтай бөгеді. Оның грэпплингі жоғары деңгейде болды, қай аймақта өткеніне қарамастан, жекпе-жектің қарқынын өзі ұстап тұрды. Бұл ең жарқын жеңіс болмағанымен, өте ақылды әрі басымдық танытқан кездесу болды. Алмабаев аса жеңіл салмақта позициясын біртіндеп нығайтып келеді. Оған міндетті түрде назар аудару керек», — деді сарапшы.

26-27 шілде түнінде Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турнирінде «Зульфикар» лақап атты Алмабаев (22-3) перулік Хосе Очоаны (8-2) төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңді. Енді қазақстандықтың UFC-дегі рекорды – 5 жеңіс және 1 жеңіліс.


UFC Vegas 109 турнирінде бонус алған файтерлер тізімі шықты

Шанхайдағы UFC турнирінде 3 қазақ файтері өнер көрсетеді

Мансабын аяқтаған Дастин Порье UFC-де талдаушы қызметін атқарады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или