Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Бангкокта өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құрлық чемпионы атағын 90 келі салмақтағы Расул Асанханов жеңіп алды. Ол финалда үндістандық Хемант Сангванді 4:1 есебімен ұтты.
Күміс жүлдеге Адилет Тортубек (60 кг), Бибарыс Аширбай (70 кг), Тимур Тайбеков (80 кг) және Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг) қол жеткізді. Қола медаль Нұрсұлтан Шілдебайдың (75 кг) еншісінде.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын алты жүлдемен аяқтап, жастар арасындағы құрлық додасында өз мүмкіндігін айқын көрсетті.
Асанханов Азия чемпионатында Қазақстанға екінші алтын әкелді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или