Черчесов Ресей чемпионатына жеңіспен оралды

Черчесов Ресей чемпионатына жеңіспен оралды

Станислав Черчесов 10 жылдан кейін Ресей чемпионатына оралып, алғашқы матчында бірден ірі жеңіске жетті — оның командасы турнир фавориттерінің бірі «Зенитті» тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

61 жастағы маман үшін бұл жаңа жұмысындағы жетінші бастау, және соңғы он жылда алғаш рет дебютін жеңіспен бастады. Бұған дейін Ресей мен Қазақстан құрамаларындағы, сондай-ақ «Ференцвароштағы» алғашқы матчтары тең нәтижемен немесе жеңіліспен аяқталған еді.

Грозныйдағы бұл жеңіс Черчесовқа «Зенитпен» жеке көрсеткішін теңестіруге мүмкіндік берді — енді оның есебінде төрт жеңіс, төрт жеңіліс және екі тең ойын бар. Ал «Ахмат» үшін бұл сирек табыс: Ресей чемпионатындағы 37 кездесуде санкт-петерборлықтарға небәрі сегіз рет жеңілген, оның екеуі Черчесов жаттықтырған командаларға тиесілі.


Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» маусымды сәтсіз бастады

Испаниялық клуб Роналдудың командаласына көз тікті

УЕФА «Барселонаның» екі жұлдызына айыппұл салды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или