Асанханов Азия чемпионатында Қазақстанға екінші алтын әкелді

Қазақстандық боксшы Расул Асанханов жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-19) финалында 90 келіге дейінгі салмақта топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шешуші жекпе-жекте ол үндістандық Хемант Сангванды екінші раундта нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті.
Бәсеке Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Бұл медаль – Қазақстан құрамасының жарыстағы екінші алтыны.
Бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта Куралай Егінбайқызы финалда үндістандық қарсыласын жеңіп, чемпион атанған болатын.
Құралай Егінбайқызы Азия чемпионатында топ жарды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или