Құралай Егінбайқызы Азия чемпионатында топ жарды

Таиландта бокстан World Boxing ұйымдастырып жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы турнирдің финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бангкоктағы тарихи Азия чемпионатында қазақ боксшысының қатысуымен екінші финалдық жекпе-жек өтті.
80 келіге дейінгі салмақта 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы тартыста, шешуші шайқаста қазақстандық Құралай Егінбайқызы үндістандық Критика Васанмен кездесті.
Үш раунд қорытындысы бойынша, төрешілер Құралайды жеңімпаз деп таныды.
Осылайша Егінбайқызы бұған дейін финалда Үндістан өкілінен жеңіліп қалған Аяжан Ермектен «кек алды» десек те болады.
Жапон боксшысы жекпе-жектен кейін қайтыс болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или