Жағажай самбосы: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 медаль алды

Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан әлем чемпионатында жеті медаль алып олжалады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Биылғы бәсекеге 20 елдің спортшылары қатысты. Ел құрамасы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізді.
Отандастарымыздың арасынан Маргарита Бажаева (50 келі) чемпион атанса, Асқар Еспусинов (58 келі) күміс медаль алды.
Ал Жандос Бейсенбаев (71 келі), Болат Сапар (88 келі), Айнұр Төребай (59 келі), Арайлым Әбенова (72 келі) және Қазақстан құрамасы командалық сайыста үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэ-до спортынан Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыз финалда Иран спортшысы Сара Бахманиермен жолықты. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталған еді. Төрешілер нәтижелі әрекеті үшін жеңісті қарсыласқа берді.
XII Дүниежүзілік ойындары: Спорттық акробатикадан екі отандасымыз өнер көрсетті