Анна Данилина Цинциннати турнирімен қоштасты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен серб Александра Крунич жұптық сайыста Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Данилина мен Крунич Барбора Крейчикова (Чехия) / Елена Остапенко (Латвия) жұбымен кездесіп, қарсыластарынан үш сетте ұтылды - 6:4, 2:6, 8:10. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды. Осылайша қазақстандық және оның серіктесі турнирдегі өнерін аяқтады.
Айта кетейік, Анна Данилина - әйелдер арасындағы жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы: WTA рейтингінде ол 10-шы орында. Цинциннатидегі турнирдің биылғы жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды. Жұптық сайыстардың жеңімпаздары әрқайсысы 262 780 доллардан, сондай-ақ 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
WTA Елена Рыбакина жаттықтырушысының шектеуін алып тастады
Тимофей Скатов Германиядағы турнирде сенсация жасап, финалға жолдама алды