Қазақстандық шабуылшы ҚПЛ-2025 үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады

Көкшетаулық «Оқжетпес» шабуылшысы Дәурен Жұмат ҚПЛ-2025 сұрмергендері тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы Қазақстан чемпионатында он гол соқты. Бүгін Жұмат пенальтиден «Жетісу» қақпасын дәл көздеді (1:2).
Айта кетейік, шабуылшы голдарының жартысын пенальтиден соққан.
Тоғыз голмен екінші орында «Астана» жартылай қорғаушысы Назми Грипши тұр. Ал «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев пен «Астана» вингері Марин Томасов сегіз голдан соқты.
«Атырау» мен «Тұран» тең түсті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или