Тимофей Скатов Германиядағы турнирде сенсация жасап, финалға жолдама алды

Тимофей Скатов Германиядағы турнирде сенсация жасап, финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Бонн (Германия) челленджер турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 107-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, бельгиялық Рафаэль Коллиньонмен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда Скатов 6:4 есебімен басымдылық танытты.

Екіншісінде бельгиялық спортшы қарымта қайырды — 6:4.

Үшінші, шешуші сетте Тимофей азулы қарсыласын жерге қаратты — 7:5.

Екі сағат 49 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын өз пайдасына шешті. Коллиньон 6 эйс, 4 брейкпен (11 брейк-пойнт) ерекшеленді. 

Тимофей Скатов финалда аустриялықтар, әлемнің 185-ракеткасы Юрий Родионов немесе рейтингіде 342-сатыдағы Йоэль Шверцлердің қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

WTA Елена Рыбакина жаттықтырушысының шектеуін алып тастады

Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирде жеңіліп қалды

Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық жас теннисшілер Ролан Гаррос іріктеу турнирінің финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или