Арыстанбекова мен Дүйсебай Президент кубогының жұптық сынында жеңімпаз атанды

Арыстанбекова мен Дүйсебай Президент кубогының жұптық сынында жеңімпаз атанды

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Президент кубогы үшін Астанада өтіп жатқан ITF W15 жарысында үздік шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Іңкәр Дүйсебай – Асылжан Арыстанбекова финалда ресейлік Екатерина Хайрутдинова – беларусьтік Анна Кубаревамен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда ресейлік-беларусь жұбы тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Екінші сетте Асылжан мен Іңкәр 6:4 есебімен есе қайырды. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:3.

Осылайша, А.Арыстанбекова мен І.Дүйсебай жұптық сында чемпион атанды.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова жекелей сында жартылай финалда әлемнің 739-ракеткасы, ресейлік Эдда Мамедоваға жол берді – 2:6, 3:6. Сөйтіп ол финалдан тыс қалды.

WTA Елена Рыбакина жаттықтырушысының шектеуін алып тастады

Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирде жеңіліп қалды

Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық жас теннисшілер Ролан Гаррос іріктеу турнирінің финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или