«Атырау» мен «Тұран» тең түсті

Премьер-лиганың 20-турында «Атырау» өз алаңында «Тұранмен» 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын алдында фаворит саналған Виталий Жуковскийдің командасы жеңіске жете алмады.
Алғашқы таймда алаң иелері басымдық танытты, бірақ қонақтардың қорғанысы мен қақпашысы Евгений Гошев сенімді ойнап, есеп аштырмады. Үзілістен кейін Абылайхан Назымханов «Тұранды» алға шығарды.
Матч соңында «Атырау» қысымды күшейтіп, Константин Дорофеев таразы басын теңестірді. Осы нәтижеден кейін «Тұран» 12 ұпаймен турнир кестесінде соңынан бір орын жоғары тұрса, «Атырау» 10 ұпаймен соңғы сатыда қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или