Жезқазғандағы матч тең есеппен аяқталды

Премьер-Лиганың 20-турында жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында петропавлдық «Қызылжармен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның 4-минутында Тоқтар Жаңылысбай қонақтардың қорғаныстағы қателігін пайдаланып, есеп ашты.
Кездесудің аяқталуына аз уақыт қалғанда Абзал Таубай таразы басын теңестірді — 1:1.
Бұл нәтижеден кейін «Қызылжар» 20 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсында қалды, ал «Ұлытау» 14 ұпай жинап, 12-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или