Талдықорғандық клуб Көкшетаудан жеңіспен қайтты

Талдықорғандық клуб Көкшетаудан жеңіспен қайтты


Премьер-Лиганың 20-турында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынның басында алаң иелері белсенді бастаса да, көп ұзамай қонақтар қарқын алып, Мохамед Буйя Турей алыстан соққан голымен есеп ашты.

Тайм аяқталар тұста Дәурен Жұмат пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Дегенмен арада көп өтпей «Оқжетпес» ойыншысы Дінмұхамед Қашкен алаңнан қуылды.

Екінші таймда бір ойыншысы артық болғанына қарамастан, көкшетаулықтар жеңісті жұлып ала алмады. Керісінше, Нұрбол Ануарбеков соққан доп «Жетісуға» жеңіс сыйлады — 1:2. Қазір талдықорғандық клубтың еншісінде 22 ұпай бар, ал «Оқжетпес» 29 ұпаймен турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или