Лукас Қазақстан тарихында алғаш рет WBC көшін бастады

Лукас Қазақстан тарихында алғаш рет WBC көшін бастады

Қазақстанның ең сұлу әрі ең титулды спортшыларының бірі Ангелина Лукас WBC ұйымының әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл – еліміз тарихында тұңғыш рет орын алған жетістік. Бұған дейін мұндай нәтиже Қазақстанда тек әйелдер ғана емес, ерлер арасында да тіркелмеген.

«Бүгін мен – WBC нұсқасы бойынша әлемнің №1 боксшысымын. Бұл – ұзақ жылғы еңбектің, мықты қарсыластармен болған жекпе-жектердің және елімізге деген сенімнің жемісі. Бірақ алда – абсолют чемпион атағы үшін басты айқас. Қазір, бұрын-соңды болмағандай, маған Отанымның қолдауы қажет. Қазақстанның туы әлемдік бокстың биігінде желбіреп, бұл сәт әрқайсымыз үшін мақтанышқа айналса деймін», – деді Лукас.

Айта кетейік, 1 маусым күні Таразда өткен жекпе-жекте Лукас мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, екінші найлегчай салмақтағы IBO белбеуін сәтті қорғаған еді.


Бивол жарақатына байланысты рингке уақытша шықпайды

Райан Гарсия Пакьяоның келесі қарсыласы болуға дайын екенін хабарлады

Азия чемпионаты: қазақстандық бес боксшы қола медальға ие болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или