Джошуа мен Тони Йока жекпе-жек өткізуі мүмкін

Бұрынғы суперауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа (28-4, 25 KO) өткен жылы қыркүйекте Дэниел Дюбуаға нокаутпен жеңілгеннен бері рингке шыққан жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол 2025 жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
Француз промоутері Йоан Зауидің айтуынша, басты үміткер – Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Тони Йока (14-3, 11 KO). Зауи Кипрде демалып жүрген Джошуамен кездескенін айтып, британиялық боксшының Йокамен кездесу ықтималдығы 90% екенін жеткізді. Ал америкалық блогер Джейк Полмен жекпе-жек өткізу жоспары жойылған.
«Мен одан жекпе-жекке болжам сұрадым, ол “жеңіл айқас болмайды” деп жауап берді», – дейді Зауи. Өз кезегінде, жақында промоутер Фрэнк Уорренмен келісімшартқа отырған Йока Джошуамен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
Бивол жарақатына байланысты рингке уақытша шықпайды
Райан Гарсия Пакьяоның келесі қарсыласы болуға дайын екенін хабарлады
Азия чемпионаты: қазақстандық бес боксшы қола медальға ие болды