Шанхайдағы UFC турнирінде 3 қазақ файтері өнер көрсетеді

Шанхайдағы UFC турнирінің толық картасы жария болды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл кеште жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық Дияр Нұргожай (10-1, UFC: 0-1) Қырғызстан өкілі Уран Сатыбалдиевпен (9-1, UFC: 0-1) кездеседі.
Сондай-ақ, осы турнирде Қытай атынан шығатын, тегі қазақстандық екі спортшы өнер көрсетеді. Тайлак Нұражы (11-1, UFC: дебют) жартылай орта салмақта ирландиялық Кифер Кросбидің (10-5, UFC: 0-2) қарсыласы атанды. Ол бұл жекпе-жекте жарақат алған Сонг Кенанның орнына шықпақ. Ал жеңіл салмақта Максат Қайсар (10-4, UFC: 2-3) америкалық Гэйдж Янгпен (9-3, UFC: 0-1) күш сынасады.
UFC Fight Night турнирі 23 тамызда өтеді. Қазақстандық көрермендер үшін ыңғайлы уақытта — сағат 16:00-де басталады. Кештің басты кардында Джонни Уокер – Чжан Миньян, Брайан Ортега – Алджамейн Стерлинг, Сергей Павлович – Уолдо Кортес-Акоста сынды жекпе-жектер өтеді.
Мансабын аяқтаған Дастин Порье UFC-де талдаушы қызметін атқарады
Ашық аспан астында өтетін ММА турнирінің басты жекпе-жегі анықталды
Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасындағы текетірес жалғасады