Бивол жарақатына байланысты рингке уақытша шықпайды

Бивол жарақатына байланысты рингке уақытша шықпайды

WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол арқасына ота жасатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы боксшының айтуынша, бұл араласу он жылдан астам мазалап жүрген және әр оқу-жаттығу жиынында асқынып отырған ескі жарақатпен байланысты.

«Дәрігердің қатаң кеңесімен арқама ота жасатуға тура келді. Барлығы сәтті өтті, өзімді жақсы сезініп жатырмын. Алда 6–8 апта оңалту кезеңі, содан кейін жаттығуларға қайта ораламын. Қолдау білдіргендерге рақмет, келер жылы жаңа сын-қатерлерді күтемін», – деп жазды Бивол Telegram-арнасында, ауруханадан түсірілген суретін қоса.

Бұған дейін 2025 жылы Бивол Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жек өткізеді деп күтілген. Алайда тамыздың басында оның командасы келіссөздерді тоқтатып, Бетербиев 22 қарашада Эр-Риядта америкалық Деон Николсонмен жекпе-жекке келісті.

Райан Гарсия Пакьяоның келесі қарсыласы болуға дайын екенін хабарлады

Азия чемпионаты: қазақстандық бес боксшы қола медальға ие болды

Қазақстандық боксшы жартылай финалда есе жіберді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или