Стефано Вуковқа қайта турнирлерге қатысуға рұқсат берілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакинаның жаттықтырушысы, 38 жастағы хорват Стефано Вуковқа қойылған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Енді ол қайтадан турнирлерде жұмыс істей алады, ойын аймақтарына және жаттығу алаңдарына кіре алады.
WTA ресми мәлімдемесінде ұйым тәртіп кодексі мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайтынын атап өтті. Барлық санкциялар мұқият қаралып, тәуелсіз сотта шағымдануға мүмкіндік беріледі. Істің толық мән-жайы құпия сақталуда, бірақ Вуковқа қайтадан жарыстарға аккредитация берілгені расталды.
Вуков 2024 жылдың тамызында тәртіп кодексін бұзуы мүмкін деген себеппен уақытша шеттетілген еді. 2025 жылғы ақпанда тергеу аяқталса да, тыйым күшінде қалды.
Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирде жеңіліп қалды
Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті
Қазақстандық жас теннисшілер Ролан Гаррос іріктеу турнирінің финалына шықты