Райан Гарсия Пакьяоның келесі қарсыласы болуға дайын екенін хабарлады

Райан Гарсия Пакьяоның келесі қарсыласы болуға дайын екенін хабарлады

WBC нұсқасы бойынша бұрынғы уақытша әлем чемпионы америкалық Райан Гарсия филиппиндік Мэнни Пакьяоның келесі қарсыласы болуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің жекпе-жек мәнерім Пакьяоға қарсы әрекет етуге өте қолайлы. Мен қарымта шабуылда жақсы жұдырықтасамын. Пакьяо мұны біледі, сондықтан мені қарсылас ретінде атауға құлшынбайды. Ол менің сол жақтан жасайтын жылдам хукім бар екенін біледі. Пакьяоға көп қиындық туғызатынымды білемін. Оған үстемдік етемін де, нокаутқа түсіремін! Мұны бар құрметпен айтып тұрмын, ол — аңыз. Онымен көптен бері жұдырықтасқым келіп жүр, бұл — менің арманым», — деп келтіреді Гарсияның сөзін The Ring.

Пакьяоның кәсіпқой рингтегі көрсеткіші — 73 жекпе-жек, оның 62-жеңіске жетіп, сегізінде жеңіліп, үш рет тең түскен.

26 жастағы Гарсия 24 кездесуде жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп қалған, тағы бір жекпе-жегі допинг-сынамадан өте алмаған соң жарамсыз деп танылған.

Азия чемпионаты: қазақстандық бес боксшы қола медальға ие болды

Қазақстандық боксшы жартылай финалда есе жіберді

WBO Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады

Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или