УЕФА «Барселонаның» екі жұлдызына айыппұл салды

УЕФА «Барселона» шабуылшылары Роберт Левандовски мен Ламин Ямальды Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Интерге» қарсы қарымта матчынан кейінгі допинг-бақылау рәсімін бұзғаны үшін айыппұлға жықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
БАҚ мәліметінше, футболшылар тексеруге белгіленген уақытта келмеген. Әрқайсысына 5 мың еуродан айыппұл салынды.
18 жастағы Ямаль — «Барселона» түлегі. 2024/25 маусымында ол Ла Лигада 35 матч өткізіп, 9 гол және 13 нәтижелі паспен көзге түсті, сондай-ақ Испания чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды. Жазда Испания құрамасымен Еуропа чемпионы атанды.
Левандовски каталониялықтар сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді. 2025 жылдың сәуірінде ол Чемпиондар лигасында 35 жастан асқан ойыншылар арасындағы голдар рекордын жаңартып, 14-голын соқты.
Өткен маусымда «Барселона» үш трофей жеңіп алды — Испания чемпионаты, Кубогы және Суперкубогы.