Рыбакинаның Цинциннати турниріндегі матчының тікелей трансляциясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 турниріндегі өнерін бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші кезең аясында әлемнің 12-ракеткасы Мексика өкілі, әлемдік рейтингте 68-орында тұрған Рената Сарасуамен кездеседі.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 23:30-ға жоспарланған. Кездесуді мына сілтеме арқылы көруге болады.
Еске салайық, Цинциннатиге дейін Рыбакина Монреальда өткен турнирде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жеткен болатын. Онда ол жарыстың болашақ жеңімпазы – 17 жастағы канадалық Виктория Мбокоға (6:1, 5:7, 6:7) есе жіберді.
Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирде жеңіліп қалды
Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті
Қазақстандық жас теннисшілер Ролан Гаррос іріктеу турнирінің финалына шықты
Қазақстандық спортшы үстел теннисінен АҚШ-тағы турнирде қола медаль жеңіп алды