Канадалық Дэвид Немировски «Шанхай Дрэгонс» командасының бапкерлік штабына қосылады

«Барыстың» бұрынғы бас бапкері Дэвид Немировски «Шанхай Дрэгонс» клубының бапкерлік штабына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, бұл қытайлық клуб бұрын «Куньлунь Ред Стар» аталған.
Дэвид Немировски өткен маусымды «Барыс» бас бапкері ретінде бастаған еді. Канадалық маманның жетекшілігімен елордалық клуб ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өткен 7 матчтың біреуінде ғана жеңіске жетті.
49 жастағы канадалық бапкер 2015 жылдан бері ҚХЛ-да еңбек етіп келеді. «Адмирал» клубында спорт директоры болып істегеннен кейін ол төрт маусым бойы Нижний Новгородтың «Торпедо» командасын жаттықтарды және бұл кезеңде команда үш рет плей-офф кезеңіне шықты. «Барысқа» келмей тұрып, Дэвид Немировски «Сибирь» клубының да бас бапкері болған.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы еуропалық клубтардағы қиындықтар туралы айтты
«Барыстың» негізгі бәсекелесі Гагарин кубогының иегерімен келісімшартқа қол қойды