Джон Торчетти ҚХЛ клубын жаттықтырмақ

ЦСКА-ның бұрынғы бас бапкері Джон Торчетти Құрлықтық хоккей лигасына (ҚХЛ) оралғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
61 жастағы Торчетти ЦСКА клубын 2013/14 маусымында жаттықтырған. Кейін Солтүстік Америкаға оралып, «Айова Уайлд» клубының бас бапкері, ҰХЛ-дағы «Миннесота Уайлд» клубының уақытша бас бапкері, сондай-ақ «Детройт Ред Уингз» бен «Филадельфия Флайерз» клубтарында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.
— Джон лигада бас бапкер немесе бас бапкердің көмекшісі лауазымына үміткер. Біз «Барыс» және «Шанхай Айдаһарларымен» келіссөз жүргіздік. Қазір ҚХЛ-дың үшінші клубымен белсенді байланыстамыз. Торчетти Ресейде қайтадан жұмыс істеуге шын ниетті, — деді америкалық маманның өкілі Роман Плевако «Матч ТВ» сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Торчетти ҚХЛ-ға келмей тұрып, «Лос-Анджелес Кингз» клубының бас бапкері болған, сондай-ақ «Атланта Трэшерз» және «Чикаго Блэкхокс» клубтарында ассистент болып жұмыс істеген.
«Барыстың» негізгі бәсекелесі Гагарин кубогының иегерімен келісімшартқа қол қойды
«Барыс» бұрынғы хоккейшілерімен келіссөз жүргізіп жатыр